Қазақстан мен Қытай бірлескен қаржы қорын құрды.
Мамыр айының 8-і күні Қазақстан мен Қытай арасында «Eurasian Nurly (Bright) Investment Fund» қорын құруға қатысты құжаттарға «Байтерек» ұлттық холдингінің төрағасы Айдар Арифханов пен «CITIC Eurasian Capital Limited» компаниясының директоры Сунь Ян мен Қытай-Еуразия экономикалық қорының президенті Линь Ган қол қойған.
Айдар Арифхановтың сөзінше, Қазақстан мен Қытай бірлесіп құрған қордың қаржы мөлшері 500 миллион долларды құрайтын болады. Қор инвестициясы негізінен Қазақстан экономикасына бағыталған. Атап айтқанда қор қаржысы Қазақстанның пайдалы қазба байлықтарын игеруге, ифроқұрылым мен жаңа технологияларды дамытуға және агроөнеркәсіп кешендерінің жұмысын жақсартуға жұмсалады.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде Қытайдың экспорт-импорттық банкінің Қазақстанға 730 миллион доллар көлемінде несие беретіндігі жөнінде ақпарат тараған. Аталмыш қаржы «Астана-Қарағанды-Балқаш-Күрті-Қапшағай-Алматы», «Қарағанды-Бұрылбайтал», «Қарағанды-Балқаш» тас жолының «Орталық-Оңтүстік» дәлізін қайта салу» жобасына жұмсалады деп жоспарлануда.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды