Франция президенті Эммануэль Макрон Ақ үй басшысы Трампқа АҚШ-тың «Үлкен жетілік» елдері тарапынан шеттетілуі мүмкін екенін ескертті. Ол Дональд Трампты «достас елдермен сауда соғысын» бастамауға шақырды. Бұл туралы lemonde.fr басылымы хабарлайды.
Ол өзінің «Twitter» әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ президентін «Үлкен жетілік» елдерімен текетіресудің қажеті жоқ екенін айтып сақтандырды. «Америка президенті оқшау қалуды қаламайтын болар. Алайда, біз оның алты елмен келісімшартқа қол қойғанына қарсы емеспіз» , - деп жазған. Франция президентінің сөзінше, осы алты ел қазіргі уақытта «нағыз халықаралық күшке» айналған «бай тарихы бар экономикалық нарыққа» ие. Сонымен қатар, ол "Үлкен жетілікке" кіретін жеті елдің алтауы Америкаға қарағанда, үлкен нарық қалыптастыра алады.
Естеріңізге сала кетсек, Макрон АҚШ-тың болат пен алюминийге енгізген салықтарына қатысты наразы екенін білдірген еді. Бұдан бұрын, Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың G7 аясында Макронмен келіссөздер жүргізетіні туралы хабарлаған еді. Аталған саммит бүгін және ертең — 8-9 маусым күндері Канаданың Квебек қаласында өтеді деп күтілуде.