Ақ үйдің ресми мәлімдемешісі Сара Сандрес өзінің әлеуметтік желі парақшасы арқылы, 12 маусымда АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының кездесетін орны туралы нақты мәліметті таратты.
Сара Твиттер парақшасында: «Президент Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Жоң Ун арасындағы кездесу Сентоза аралындағы халықаралық қонақ үйде өтеді. Құрметті сингапурлықтар, сіздердің қонақжайлықтарыңызға алғыс айтамыз», – деп жазған.
Трамп-Ким келіссөзі туралы осыған дейін түрлі жорамалдар айтылды. Тіпті, екі тарап бірнеше рет кездесуден бас тарта жаздады. Ақ үй мәлімдемешісінің соңғы мәліметі бойынша, кездесудің барлық дайындықтары аяқталған, әлем көз тіккен келіссөз 12 маусым Сингапур уақытымен 09:00 шамасында басталатынын айтты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы