Сүрия АҚШ-тан ел аумағынан әскерін шығаруды талап етті – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Сүрия вице-премьері Валид Муаллем Дамаск қаласында өткізген баспасөз мәслихатында Оңтүстік Сүриядағы тұрақтылық жөнінде мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Біз Оңтүстік Сүриядағы қауіпсіздік келісімі жөнінде АҚШ эт-Танфе базасы мен жалпы Сүрия аумағынан әскерін шығарғанда сөйлесетін боламыз. Оған дейін ешқандай келісім болмайды» - деген.