АҚШ пен оның Еуропадағы «қуыршақтары» террористере қолдау көрсетіп, Сүрия территориясындағы қарулы қақтығыстарды созуда. Бұл туралы Сүрия президенті Башар Асад «RT»-ға берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзінше, Шамның (Дамаск) қарсыластары террорлық топтарға қолдау көрсетіп, сонымен қатар, заңсыз қарулы құрылым мүшелеріне «Сүрия территориясына кіруге және саяси үдерістерге кедергі жасауға» көмектеседі. Бұдан бұрын да хабарланғандай, ДАИШ тобы дәл қазірі уақытта Сүрияда талқандалған, алайда заңсыз қарулы құрылымдар терактілер мен шабуылдар жасауын жалғастыруда.