Беларусь елінде Лукашенконың көмекшісі ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сергей Ровнейконы 200 мың доллар көлемінде пара алып тұрған жерінен қолға түсірген. Бұл ақпарат комитеттің ресми сайтында жарияланды.
Күштік құрылым Лукашенконың көмекшісіне қатысты арыз-шағым көбейген соң, шендінің соңына түсіп, 1 жылдан бері жасырын аңдып келген екен. Ақапарт бойынша, ол қызмет бабын асыра пайдаланып, көмек сұрап келгендердің мәселесін тек ақшамен шешіп отырған.
Қазір президент көмекшісі тергеу изоляторына қамалып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Егер айыбы дәлелденсе, 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.