Кеше, 24 мамыр күні М.Әуезов атындағы драма театрда «Музей түні» ұйымдастырылды. Осыдан тура 50 жыл бұрын қарашаңырақта ашылған музейдің мерейтойы биылғы Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, театрға келушілерге қойылым аяқталған бойда ауыз ашар беріліп, артынша музей жәдігерлері таныстырылды.
Кеш қонақтары қарашаңырақтың 92 жылдық тарихы кезең-кезеңімен танысты. Музейге актерлердің әр жылдары, әртүрлі қойылымдарда киген кастюмдері, музей жұмыс істегеннен бергі зерлі, асыл матадан тігілген киім үлгілері де қойылды. Бұдан бөлек, әртістердің медальдары, марапаттары, алғысхаттары, қолданған бұйымдары сақтаулы. Әр спектакльден түсірілген фотолардың қоры да келушілердің қызығушылықтарын оятты. Ал, фотолар мұрасында сонау театр құрылған жылдардан бастап, күні бүгінге дейінгі кезеңді қамтитын, режиссерлер, актерлер, басшылар, техникалық қызметкерлер, басқа да театрға қатысты бейнелер қойылған. Сонымен қатар, олардың шағын өмірбаяны, әр жылдарда қойылған спектакльдердегі рөлдері, сан салалы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаттары мен олар жайлы жазылған ақпараттар, мақалалар, зерттеулер, эсселер мен очерктер, сахна және гастрольдегі, түрлі мәдени шаралар тұсындағы суреттері, драматургтердің сахналанған және театрдың көркемдік кеңесіне ұсынған пьесалары, т.б. жинақталған. «Музей түні» кеші барысында шағын қойылымдар көрсетіліп, Асанәлі Әшімов бастаған театр саңлақтары жылы лебіздерін білдірді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы