Human Rights Watch Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы 14 маусымда Мәскеу қаласында өтетін 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына байкот жариялауға шақырды. Бұл туралы сейсенбі, 22 мамыр күні аталған ұйымның атқарушы директоры Кеннет Рот арнайы мәлемдеме жасады, деп хабарлайды dw.com агенттігі.
«Әлем елдерінің лидерлері президент Путинге ресейлік және сүриялық әскерлердің Сүриядағы айуани әрекеттерін тоқтатуға қатысты саясатын өзгертпейінше, футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатыспайтындықтары туралы белгі берулері керек», - деп мәлімдеді Рот.
Human Rights Watch ұйымының директорының: "Ресей футболдан әлем чемпионатын өткізу арқылы құрметке қол жеткізіп, дүниежүзі халықтарының жағымды көзқарасына ие болмақ. Алайда, аталған матчты көруге асыққан миллиондаған адамның тілегіне қарамастан, Сүриядағы бейбіт тұрғындардың көріп жатқан азаптары да ұмытылмау керек", деген сөздерін мысалға келтірді dw.com агенттігі К.Роттың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын да, Еуропарламенттегі неміс депутаты, Шығыс Еуропа мәселелері жөніндегі маман Ребекка Хармс еуропалық елдерді Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына бармауға үндеген еді. Оның бұл бастамасын ЕО-қа мүше 16 елдің 60 депутаты мен Еуропалық ұлттық партияның ірі фракциялары қолдаған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы