Ресей қару-жарақ құрастыруда өзге елдерді ондаған жылға артқа тастап кетті – деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин әскери қызметкерлермен кездесуінде РФ қарулы күштерінің арсеналындағы қару-жарақ жөнінде мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Осы арада соңғы үлгідегі қару-жарақ пен әскери техникаларды құрастырған ғалымдар мен инженерлерге, қарапайым жұмысшыларға рахмет айтқым келеді. Қазіргі таңда олардың қолынан шыққан қару-жараққа әлемде тең келетін қару жоқ. Ресей қару-жарақ құрастыруда өзге елдерді ондаған жылға артқа тастап кетті» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін наурыз айының 1-і күні Владимир Путин Федералды кеңес мүшелері алдында сөйлеген сөзінде Ресей қарулы күштерінің арсеналына енген соңғы үлгідегі Сармат және Авангард гипердыбыстық зымырандарын таныстырған. Ресей құрастырушыларының сөзінше, қазіргі таңда әлемде аталмыш зымырандарға қарсы келетін бір де бір әуе қорғанысы жүйесі жоқ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?