Кеше түнде полиция формасында киінген талибандар Ауғанстанның Фарах ауылына қайтадан қарулы шабуыл жасады, деп хабарлайды lemonde.fr.
Әскерилер, әсіресе Фарахтағы полицей бөлімшелері мен орталық абақты ғимараттарына қару атқан. Қауіпсіздік күштері мен ұйым мүшелері арасында тұтанған қақтығыс біраз уақытқа жалғасқан.
Сонымен қатар, Ауғанстанның Білім министрлігі Фарах провинциясындағы қақтығысқа байланысты оның орталығындағы мектептерді уақытша жауып тастағанын мәлімдеді. Бұдан бұрын да Талибан мүшелерінің 12 мамырда Фарах провинциясының орталығында ұйымдастырған шабуыл кезінде 30 адам қаза тапқан еді.
Провинция орталығының бір бөлігін басып алған талибандарға қарсы басталған операцияда ұйымның 200 мүшесі өлтіріліп, қалған мүшелері кері қайтарылған.
Алайда бүгінгі хабарларға қарағанда, аталған ұйым белсенділері әлі қимыл көрсетуде.