Қарағандыда аудан прокуроры пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Бас прокуратураның баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.
Мәліметке сай, Балхабекұлы Е. есімді прокурор күдікке іліккен 3 адамды жауапкершіліктен босату үшін олардан 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен көрінеді. Күдіктілер заң қызметкері сұраған ақшаны ұстатып жатқан кезде, құзырлы орын өкілдері оларға тап берген. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, аудан прокуроры уақытша тергеу изоляторына қамалды.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы