АҚШ Орталық Азия елдерінің тәуелсіз БАҚ саласына 15 миллион доллар қаржы бөлмек.
АҚШ Халықаралық даму агенттігі жариялаған құжатқа сәйкес, АҚШ үкіметі Орталық Азия елдеріндегі тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарды қолдау мақсатында 15 миллион доллар қаржы бөлген. Аталмыш қаржы журналистердің кәсіби біліктілігін және жергілікті халықтың медиа сауаттылығын арттыруға жұмсалмақ.
АҚШ Халықаралық даму агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан толықтай Ресей ақпарат кеңістігінде. Жоғарыда аталған үш мемлекеттің үшеуінің де халқы әлемде болып жатқан оқиғаларға Ресей телеарналары мен газет-журналдарының көзімен қарайды және жергілікті тәуелсіз БАҚ ресейлік медиаресурстарға қарсы тұруға қауқарсыз.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап