Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев АҚШ-қа ресми іс-сапармен бармақ.
Өзбекстан президент әкімшілігі баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Шавкат Мирзиеев мамыр айының 15-і мен 17-і күндері аралығында АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыртуымен Уашингтонға ресми іс-сапармен барады. Сапар барысында Мирзиеев Трамппен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас, ғаламдық және аймақтық мәселелерді талқылайды деп жоспарлануда. Бұдан бөлек кездесу соңында екі ел басшылары бірлескен мәлімдеме жасап, «АҚШ пен Өзбекстан стратегиялық әріптестігінің жаңа дәуірі» атты құжатқа қол қояды деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, қаңтар айында Уашингтонға ресми іс-сапармен Нұрсұлтан Назарбаев барған. Ол онда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қойған және кездесуден кейін АҚШ банктерінің бірінде бұғатталған Ұлттық қордың 22 млрд доллар қаржысы бұғаттан шығарылған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап