АҚШ-тан саяси баспана сұраған ресейліктердің саны рекордтық көрсеткішке жетті.

«Настоящее Время» телеарнасының мәліметінше, 2017 жылы АҚШ-тан саяси баспана сұраған ресейліктердің саны 3 мың адамға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда әлде қайда жоғары. 2016 жылы АҚШ-тан 1912 ресейлік саяси баспана сұраған.

Жалпы, осы уақытқа дейін рекордтық көрсеткіш 1994 жылы тіркелген. Ол кезде АҚШ-тан саяси баспана сұраған ресейліктердің саны 2127 адамды құраған.

Сарапшылар пікірінше, АҚШ-тан саяси баспана сұраған ресейліктер саны 2012 жылы Владимир Путин үшінші рет президент болып сайланғаннан беріп өсіп келеді. Бірақ аталмыш ақпаратқа байланысты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Қазір жалған ақпараттар өте көп, абай болу керек» - деп қысқаша ғана пікір білдірген.

“The Qazaq Times”