Брюссельде Шыңжаңдағы қысымға ұшыраған мұсылмандардың мүддесін қорғауға бағытталған бұқаралық шеру өтті. Екі мыңға жуық адам Еуропарламент ғимаратының алдына жиналды. Бұл туралы «internethaber.com» сайты хабарлайды.
Шеруге қатысушылар Қытайдағы еш негізсіз қамалған мұсылмандардың босатылуын, сол жерде өмір сүретін мұсылман халықтарының тілі мен дініне, мәдениетіне құрмет көрсетілуін талап етті. Сондай-ақ, шеру ұйымдастырушылары Еуроодақтан Шыңжаңдағы осы келеңсіздікке қатысты тексеру жүргізу үшін сол аймаққа арнайы топ жіберуін сұрады.
Қытайдағы мұсылмандар дегенде, оның ішінде өзіміздің де қаракөз қандастарымыз бар. Бұл мәселе — қазақ қоғамының бүгінгі таңдағы ең басты дертіне айналуда. Арғы беттегі ағайын жазықсыз түрмеге жабылып, қысастық көріп жатқанда қазақ қалай тыныш ұйықтасын?! Ендеше, Қытайдағы қысым көріп жатқан қауым үшін Еуроодақтың есігін қағып көмек сұралып жатыр деп, қол қусырып отыруға болмайды. Бұған қатысты Қазақстан билігінің, ҚР СІМ-нің нақты қадам жасайтын кезі келді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы