Брюссельде өткен Сүрияға көмек беру тақырыбындағы конференцияда Германияның СІМ басшысы Хайко Масс неміс үкіметінің Сүрияға 1 млрд евро көмек қаражатын беретінін мәлімдеді. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Германия сыртқы істер министрі сөзінде, ең маңыздысы бейбіт халықтың қауіпсіздігі екенін атап өтті. Оған қоса Германия тарабы Сүриядағы саяси үрдісті қалпына келтіруге де көмек қолдарын созатынын жеткізді.
Германия Сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда осы жылдың екінші жартысында аталған көмек қаражатына тағы 300 млн евро қоспақ. Бұл былтыр Германия үкіметі уәде берген көмек қаражатын толық жеткізетінін көрсетеді. Сүрияға көмек тақырыбындағы халықаралық конференцияны БҰҰ мен ЕО тараптары ұйымдастырған. Жиынға әлемнің 80-нен астам елдері және халықаралық ұйымдар қатысқан.
Сүриядағы тұрақсыздық Еуропа елдері арасында Түркиядан тыс Германияға көбірек ықпал етті. Сүрия соғысы басталған кезде босқындары осы елге ағылған еді. Соның салдарынан Германияда миграция дағдарысы болған. Бір жағынан алып қарасақ, Сүриядағы жағдайдың реттелуі Германия үшін миграциялық мәселені шешуге де оң ықпал етер еді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы