Сауд Арабиясы Катарды Сүрияға әскер кіргізуге шақырды – деп хабарлайды korrespondent. net интернет басылымы.
Сәуір айының 24-і күні Сауда Арабия сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр Сүрия мәселесіне байланысты журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Катар АҚШ әскеріне Сүрия аумағында жүргені үшін ақша төлеуі тиіс және АҚШ президенті Катарды қорғаудан бас тартқанға дейін өз әскерін Сүрияға кіргізуі керек. Егер АҚШ Катарды қорғауын тоқтататын болса, онда Катардағы билік режимі бір аптаның ішінде жоқ болады» - деген.
Естеріңізге салайық, 17 сәуір күні Эр-Рияд қаласында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш пен Сауд Арабия Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр біріккен баспасөз мәслихатын өткізген. Баспасөз конференциясы барысында әл-Джубейр Сүрия мәселесіне қатысты мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Тиісті ұсыныстар болса Сауд Арабиясы Сүрияға әскер кіргізуге дайын» - деп мәлімдеген.
Жалпы, Сауд Арабиясы мен Катар қарым-қатынасы соңғы жылдары нашарлаған. 2017 жылдың маусым айында Сауд Арабиясы, Мысыр БАӘ және Бахрейн Катарды террористерді қолдап отыр деп айыптап, дипломатиялық байланыстарын үзген.
“The Qazaq Times”