Пентагонның ресми өкілі жасаған соңғы мәлімдемеде, АҚШ, Ұлыбритания және Франция бірлескен Сүрияға қарсы зымыран шабуылынан кейін, Сүрия режимінің қайталай химиялық қару қолдануға мүмкіндігі жоқ екенін айтты. Бірақ, ол АҚШ пен оның одақтастарына әлі де қырағы болу керек екенін ескертті. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Пентагонның хатшысы Уайт бейсенбі күні журналистерге жасаған мәлімдемесінде: «Сүрия президенті Асад әлемнің қандай жағдайда да химиялық қару қолдануға жол бермейтінін түсінуі керек. Үш елдің бірлескен зымыран шабуылынан кейін, Сүрияда химиялық шабуыл жасауға еш мүмкіндік қалмады. Бірақ, АҚШ және одақтас елдер әлі де қырағы болуы керек», – деді.
Пентагон мәлімдемешісі үш елдің зымыран шабуылы бастала салысымен Ресей тарабының жалған мәліметтерді таратқанын, сол арқылы жұртты шатастыратын айыптады. Уайт Ресей тарабын «Арандату сипатындағы жалған мәлімдемелер таратты» деп сынға алды.
Зымыран шабуыл болған күні ертемен жеткен жаңалықтардың бәрінде Сүрия үкіметінің 13 ракетаны атып түсіргені туралы айтылған. Ресейлік ақпарат құралдарынан алынған информациялар толықтай осыған ұқсас болған. Кейін Пентагон мәлімдемесінде Сүрия режимінің зымыран шабуылына қарсы еш шара жасай алмағанын мәлімдеді. Сүрия қорғаныс жүйесі АҚШ зымырандарын тосып алғаны немесе зымыран шабуылының нысанаға дәл тимеді деген мазмұндағы ақпаратты Пентагон тарабы теріске шығарды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы