Апта соңында Брюссельдегі НАТО-ның кезектен тыс жиналысы өтті. Жиналыста ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО ұйымы АҚШ бастаған елдердің Сүриядағы шабуылын толық қолдайтынын жеткізді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
НАТО Бас хатшысы АҚШ, Ұлыбритания және Франция сынды одақтастарының Сүрияға жасаған әуе шабуылын жақтады әрі бұл Сүрия режимінің химиялық шабуыл жасауына пәрменді жауап екенін алға тартты. Столтенберг осыдан бұрынғы мәлімдемесінде, НАТО-ның Сүрия мәселесінде әскери әрекеттен басқа шарасы қалмағанын айтқан еді.
НАТО тарабы алдағы уақытта да АҚШ бастаған елдердің Сүриядағы барлық қадамдарына қолдау білдіретінін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуір күні таңсәріде АҚШ, Ұлыбритания және Франция күштері Сүрия орталық қаласына және Башар Асад режимінің әскери объектілеріне бағытталған зымыран шабуылын жасаған болатын. Бұл және Думадағы химиялық шабуылға берген жауабы екенін ескерткен. Шабуылда 100-ден астам қанатты зымырандар атылған. Пентагон мәліметінде Сүрия күштері және ондағы Ресей күштері бұл зымырандарға қарсы ешбір әрекет жасай алмаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы