Ливияда заңсыз жолдар арқылы Еуропаға өтпек болған 202 қашқын иммигрант құтқарылғаны туралы хабарлайды «yeniakit.com» ақпараттық сайты. Ұлттық Келісім Үкіметіне (UMH) қарасты Теңіз Күштері тарапынан жасалған мәлімдемеде, жағалаулық қауіпсіздік күштерінің ел астанасы Триполи маңында ұйымдастырылған операцияларында іштерінде әйелдер мен балалар да бар түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 202 қашқынның құтқарылғаны мәлім болды.
Саяси қақтығыстар сахнасына айналған Ливия, африкалық иммигранттардың Еуропаға баратын жолдарындағы маңызды нысан болып табылады. Жыл сайын елдеріндегі қақтығыстардан қашқан он мыңдаған адам қолайлы ортада өмір сүру үшін Ливия арқылы Еуропаға жетуге тырысады. Жергілікті және халықаралық ресми мәліметтерге сәйкес, Ливияда 24 елден келген иммигрант бар. Олардың 95 пайызын Жерорта теңізінен өтіп, Еуропаға жетуге асыққан африкалықтар құрайтын көрінеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы