Мысыр ақпарат құралдары ел басшысы Әбдел Фаттах Ас-Сисидің 26-28 наурыз аралығында, үш күнге жалғасқан президент сайлауында 92 пайыз дауыс жинағаны, енді оның қайтадан президент болып сайлануы мүмкін екенін хабарлады.
Алғашқы сайлау қорытындылары бойынша, "Әл-Гед" партиясының басшысы Мұса Мұстафа Мұса сайлаушылар даусының тек қана 3 пайызына ғана ие болған. Сонымен, әзірге жеңіс тұғырында саны жағынан ең көп дауыс жинаған ел президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси тұр. Мысырдың ресми ақпарат агенттігі "MENA" таратқан хабарға қарағанда, президент сайлауында тіркелген 60 миллион сайлаушылардың 23 миллионға жуығы ғана дауыс берген. Ал сайлаудың ресми қорытындылары дүйсенбі күні жарияланады.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды