Украина Солтүстік Кореяға баллистикалық зымыран бөлшектерін сатқандығын растады.

Oxu.az ақпарат көзінің мәліметінше, Біріккен Ұлттар Ұйымының санкция тобы сарапшылары КХДР зымырандарындағы Украина қозғалтқыш бөлшектеріне байланысты жіберген сауалына Киев тарапы: «Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарындағы қозғалтқыш бөлшектері Украина зауыттарының өнімі болуы мүмкін. Аталмыш қозғалтқыштарда украиналық өнімдердің элементтері бар» - деп жауап берген.

Естеріңізге салайық, 2017 жылы БАҚ беттерінде «солтүстік кореялық баллистикалық зымырандарда Украина қозғалтқыштары орнатылған» - деген ақпарат тараған. Сарапшылар КХДР зымырандарында Украинаның «Южмаш» заутынан шыққан «РД-250» қозғалтқыштары орнатылғандығын айтқан.

“The Qazaq Times”