Дмитрий Песков Владимир Путиннің алдағы алты жылда қай бағытта жұмыс істейтінін айтты.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков RT телеарнасына берген сұхбатында Владимир Путиннің алдағы алты жылдағы жұмыс жоспары жөнінде әңгіме қозғады. Онда ол: «Ресей мен Владимир Путин алдағы уақытта сыртқы саясатта бұрынғы қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысады. АҚШ пен Еуропа елдері қабылдай алса біз бұл бағытта бұрын соңды болмаған қадамдар жасамақпыз. Ресей жаппай қарулану жарысына қатыспайды. Бізге оның ішінде Путинге бұл жарыстың қажеті жоқ» - деген.

“The Qazaq Times”