АҚШ-тың бұрынғы президенті Жеймс Картер Дональд Трампқа Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен келіссөздер жүргізуге көмектесетінін мәлімдеді.
СBS телеарнасына сұхбат берген АҚШ-тың бұрынғы президенті Жеймс Эрл Картер КХДР мен Ақ үй қарым-қатынасы жөнінде әңгіме қозғаған. Онда ол: «Мен оларға не керек екенін және не қалайтынын жақсы білемін. Осы аптада маған Ақ үй қызметкері келіп, АҚШ пен Солтүстік Корея қарым-қатынасы жөніндегі соңғы жаңалықтармен бөлісті. Мен Дональд Трампқа КХДР басшысы Ким Жоң Унмен келіссөздер жүргізуіне көмектесуге дайынмын» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ким Жоң Ун Дональд Трампқа кездесу өткізуді ұсынған. Солтүстік Корея басшысының бұл ұсынысын Дональд Трамп қабыл алған. Кездесу мамыр айында өтеді деп күтілуде.