Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі мен ІІМ-нің кешегі мәліметіне қарағанда, Федералдық қорғаныс күштері ел орталық қаласы Мәскеуден және оның маңынан халықаралық террорлық ұйымның көлемді тасымалдау арнасын талқандаған. Қолға түскен 60 күдікті адамды Ресей қауіпсіздік тараулары «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымның мүшелері деп көрсетті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің көптен бергі бақылауында болған күдікті топқа жасалған арнаулы операция кезінде 17 орынға тексеру жүргізіп, соның үшеуінен жалған құжат жасайтын студияны анықтаған. Тінту кезінде иммиграциялық құжаттар мен карталар, паспорттардың түпнұсқасы және көшірмелері табылған.
Федералдық қауіпсіздік қызмеі мәлімдемеде: «Бұл арнайы құрылған ауқымды тасымалдау арнасы, әрі ол «ИМ» террорлық ұйымымен тікелей қатысты болуы мүмкін. Олар иммиграциялық құжаттар арқылы террорлық топтың мүшелерін бір елден келесі елге жеткізумен айналысады», – делінген. Аталған іске қатысты тергеу шаралары жалғасып жатқанын айтты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр