Ауғанстан астанасы Кабулдағы теракт кесірінен кемінде 4 адам жарақаттанды, - деп мәлімдейді Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даништың (Najib Danish) айтуынша, жұма күні қаланың шығыс бөлігінде шетелдік азаматтарға тиесілі көлік жанында жарылыс болған.
Полиция басшысы Бисмиила Табан (Bismillah Tabaan) жарылысқа өз-өзін жарып жіберген террористер себеп болғанын мәлімдеді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс кесірінен 1 адам көз жұмып, төртеуі жараланды.
Кабулда осы уақытқа дейін ИГИЛ мен "Талибан" исламдық топтарының ұйымдастыруымен бірнеше шабуыл болды. Қаңтарда шамамен 130 адам қайтыс болған екі шабуылды "Талибан" өз мойнына алды.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Ауғанстан оңтүстігіндегі өткізу-бақылау пунктіне жасаған шабуылдан кемінде 6 полиция қызметкері мерт болды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы