Трамп үкіметі бейсенбі күнгі Ақ үйде өтетін жиналысқа болат және алюминий саласының жетекші басшылары мен лауазымды тұлғаларын президентпен кездесуге арнайы шақырды. Дерек көздерінің мәлімдеуінше, бұл жиналыста көптен күткен алюминий мен болат импортын шектеу шарасы қабылдануы мүмкін. Бұл туралы WSJ басылымы хабарлады.
Трамп үкіметі екі саланың өкілдерімен Ақ үйде тарифтер мен квоталар туралы кеңеспек. Президент және оның кеңесшілері аталған сала өкілдерімен кеңесуден кейін, алюмин мен болат өндіру және импорт ету ісінде бір қатар жаңа саясаттарды жолға қояды деп күтілуде. Дегенмен, бұл жиналысқа шақырылған кейбір ресми өкілдер Трамп үкіметі аталған салаларда жаңа саясаттың жобасын түзіп болмағанын, бейсенбі күнгі жиналыста ықтимал жобаларды ғана сөз етуі мүмкін екенін айтады.
Болат импортына шектеу қою, Трамп үкіметінің Қытаймен сауда соғысындағы тағы бір соққысы деуге болады. Осыған дейін Трамп үкіметі Қытайдың болат экспортының Құрама Штаттағы болат өндірісін тұншықтырғанын айтып, наразылық білдіріп келген еді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр