Италиядағы неофашистік идеяның белең алуына байланысты қарсылығын білдіру үшін сенбі күні Римде антифашистік ереуілшілер орталық алаңға жиналды, - деп хабарлайды Euronews ақпарат агенттігі.
Саясаткерлер, кәсіподақ қызметкерлері мен премьер-министр Паоло Гентилони (Paolo Gentiloni ) де елдегі фашизм мен нәсілшілдікті тоқтатуға шақыру үшін ереуілшілерге қосылды.
4 наурызда өтетін сайлау қарсаңында сол қанаттағы ереуілшілер мен неофашистік партия өкілдері арасында қақтығыс жиілеп кетті. Жақында жүргізілген сауалнама жергілікті халық елдегі жағдайға иммигранттарды кінәлайтынын көрсетті.
Оң қанаттағы одақ өкілдері (бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони мен Сальвиниді қосқанда) сайлауда жеңіске жетсе, иммигранттардың көпшілігін елден шығаруға сөз берді.
Италияның орталығындағы Масерата (Macerata) қаласында ақпан айының басында оң қанаттағы одақ өкілі, қарулы азамат (неофашистік көзқарастағы) 6 африкалық мигрантты жариялаған.
Мазератадан осы ереуілге қатысуға арнайы келген Джулия Мисера (Giulia Missera) мигранттарды жергілікті халыққа қосудың амалын қарастыру керек деген ойда.
Ереуілшілер наразылығын білдіру үшін Миланның басты алаңындағы Италияның қаһарманы саналатын Джузеппе Гарибальди ескерткішінің алдына жиналды. ОМОН қызметкерлері ереуілге шыққандарды алаңнан шығара алмай қақтығыс басталып кетті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы