Еуропа елдеріне жасаған сапарынан қайтып оралған АҚШ қорғаныс министрі Жеймс Мэттис ұшақтан түсе сала журналистердің сұрағына жауап берді. Ол сөзінде Сүрияда террорлық топтардан тазартылған аумақтарды халыққа қайтару ісінде Түркиямен ортақ ұстанымға келгендерін айтты. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Мэттис сөзінде: «Сүрияда террорлық ұйымдардан тазартылған аумақтарды халыққа қайтарып, босқындарды орналастыру ісінде Түркиямен ынтымақтастық орнаттық», – деді.
ДАИШ террорлық ұйымынан босатылған аумақтарды басқару, сол аумақтан қашып кеткен босқындарды мекендеріне қайтару ісінде Түркия мен АҚШ және терроризмге қарсы бірлескен коалицияға мүше елдер ортақ мәмілеге келіп отыр.
Айта кетерлігі, Түркия Сүриядағы террорлардан тазартылған аумақты тез арада халыққа қайтарып, босқындарды мекендеріне орналастыруға мүдделі. Себебі, Түркия жеріндегі сүриялық босқындар саны күн сайын көбейіп, үкіметтің басты алаңдаушылығына айналып отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы