Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Германия бірінші орында тұр.
16 ақпан күнгі нәтиже бойынша неміс спортшылары жарыс басталғалы бері 9 алтын, 2 күміс және 4 қола медальды қанжығаға байлаған. Екінші орында 6 алтын, 8 күміс және 5 қоламен норвегиялықтар тұр.
Ал 6 алтын, 5 күміс және 3 қола медальды жеңіп алған Нидерланды құрамасы үшінші орында. АҚШ спортшылары төртінші орында, әзірге олардың еншісінде 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Үздік бестікті 4 алтын, 5 күміс, 4 қола жеңіп алған Канада аяқтап тұр.
Ал Қазақстан құрамасында әзірге бір қола медаль бар және есеп бойынша 21 орында.
Айта кетейік, 9 ақпанда басталған қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған. Спортшылар спорттың 9 түрінен қатысып жатыр. Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан бұл ойында әлемнің 90 елінен келген 2900 спортшы 102 медальды сарапқа салады.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады