Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдемесінде егер Сүриядағы Башар Асад билігінің халыққа химиялық қару қолданғаны туралы анық дәлел болса, онда Франция күштері Асад режимінің химиялық қару сақтаған орындарын бомбалайтынын айтты. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Журналистерді қабылдаған кезде Макрон Франция үкіметінің әділеттілікті жақтайтынын, қандайда бір режимнің халыққа күш қолдануына қарсы екенін айтты. Ол және Сүрияда халыққа химиялық қару қолданылса Франция билігінің қарап отырмайтынын атап айтты.
Франция президенті Асад билігінің химиялық қару қолданған, қолданбағаны туралы тексеру ісіне баса назар аударып отырғанын, қазірге Сүрияның қазіргі үкіметін айыптайтын толық дәлелдің жоқ екенін де алға тартты.
Ал, Сүриядағы Адам құқықтарын қорғау орталығының мәліметіне қарағанда, Башар Асад үкіметі осыған дейін ел көлемінде 211 рет химиялық шабуыл жасаған. Соның нәтижесінде 1421 адам қаза болғанын айтады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы