Жапондық Kyocera компаниясы кез келген гермафобтың арманына айналған смартфон ұсынды. Бұл гаджет судан (ыстық, суықтығы маңызды емес) да, сабыннан да қорықпайды.
Kyocera компаниясы Rаfre аталатын ерекше смартфондарын шығарды. Оның ерекше болатын себебі, гаджетті алаңсыз ыстық суда, сабынмен жууға болады.
Бұл жаңа смартфондар биылғы жылдың мамыр айында сатылымға шығады. Ол Snapdragon 430 чипсетінен, 5-дюймдік HD экранынан, 3000 мАЧ болатын аккумулятордан, 2ГБ оперативті және 16ГБ салмалы (кеңейтуга болатын) жадыдан, 13 пен 5 мегапиксель (қоскамералы) камерадан тұрады. Сондай-ақ, аппарат Android 7.0. операциялық жүйесімен басқарылады.
Смартфон ақ, көгілдір және қызғылт түсте шығарылатын болады. Құрылғының нақты бағасы әлі бекітілмеген. Әзірше, бұл Rafre гаджеттер тек жапондық нарыққа арналып жасалынған.
Rаfre – қорықпай сумен жуа беруге болатын, япондықтардың ойлап тапқан бірінші гаджеті емес. 2015 жылы Kyocera компаниясы Digno Rafre моделдерін нарыққа ұсынылған болатын.
"The Qazaq Times"