СҚО білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысында «Өрлеу» орталығы филиалының директоры Алма Мырзалинова өңірде инклюзивті білім берудің ресурстық орталығын ашу жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ұсынған мәлімет бойынша, облыста қазір ерекше қажеттіліктері бар 4593 бала бар, оның ішінде 1471-і мүгедек. Қазір мектептерде инклюзивті білім беру жүйесі бойынша 1784 бала оқып жатыр. Балабабақшалар мен шағын орталықтарға 500-ге жуық бала барып жүр. Орталықтың басты мақсаты – инклюзивті білім берудің теориясы мен тәжірибесін біріктіре отыра, әр деңгейде үздіксіз сапалы білім беруді қалыптастыру болып табылады.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов бұл бастаманы қолдады.
«Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ресурстық орталығын ашу өте орынды ұсыныс. Біз қолдауға дайынбыз», - деді Құмар Ақсақалов.
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін үдеріс.Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мұқтаждығына және басқа мән - жайларға байланыссыз, өз әлеуетін және білім алу ғақұқығын іске асыруға мүмкіндік береді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?