Балқан түбегіндегі орналасқан Босния және Герцеговина әнұраны сөзсіз орындалатын әлемдегі 3 елдің (қалған екеуі: Испания мен Сан-Марино) бірі. Euronews мәліметінше, Босния саясаткерлері 19 жыл бойы әнұран сөзіне байланысты бір шешімге келе алмай келеді.
Дүйсенбі күні Парламент әнұранның сөзін бекіту мәселесін қайта көтерді. Босния Демократиялық қозғалысының өкілі Момчило Новакович (Momcilo Novakovic): "Қазір қолымызда босниялықтарға да, сербтерге де, хорваттарға да ұнайтындай мәтін жоқ болып тұр. Сол себепті де парламент ешқайсысын қабылдамайды. Бұл мәселені қайта көтеру уақыт жоғалту деп ойлаймын", - деген болатын.
Қазіргі әнұран әуені босниялық сазгер Душан Шестичке (Dusan Sestic) тиесілі, ол 1999 жылы сөзсіз қабылданған. 10 жыл бойы әнұран сөзсіз орындалып келді. Тек 2009 жылы парламент Шестич пен Бенджамин Исовичқа (Sestic and Benjamin Isovic) әнұран сөзін жаздыртады, бірақ ол мәтін елдегі негізгі этникалық топтар - босниялықтар, сербтер мен хорваттарды қамтымауы себебінен қайтадан алынып тасталды.
Әнұранға сөзбен жан бітірудің келесі әрекеті 2016 жылы болды. Бірақ ол да ешқандай нәтиже әкелмеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы