6 ақпан күні Парижде қалыпты мөлшерден әлдеқайда көп жауған қар қаладағы қозғалысты айтарлықтай қиындатты, - деп хабарлайды CNN ақпарат агенттігі.
Париждегі көлік кептелісі рекордты 700 шақырымға жетті.
Қаланың үйсіз 1000-ға жуық адамы уақытша баспанаға орналастырылды. Пойыз станциялары мен әуежайлардан да жүздеген адам қалаға жете алмай отыр.
Франция Метереологиялық қызметінің мәліметінше, 1987 жылдан бері Парижде қар осындай көлемде алғаш рет жауған. Жалпы жауған қар қалыңдығы шамамен 13 см-ді құраған.
Құтқару қызметтері тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Қала билігі қозғалысты одан сайын қиындатпау үшін Эйфель мұнарасын жауып (туристер үшін), жергілікті тұрғындарға асқан қажеттілік болмаған жағдайда үйлерінен шықпауын сұрады.


















Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды