АҚШ Ирактағы ДАИШ террорлық ұйымына қарсы күрестің аяқталуына байланысты, Ирактағы қарулы күштерінің санын азайтатынын мәлімдеді. Бұған дейін әскери қолбасшылық штаб арқылы басқарылған әскерлер санын қысқартып, шағын қауіпсіздік топтарына айналдырмақ. Бұл туралы Associated Press News хабарлайды.
АҚШ осыған дейін Ирактағы және Сүриядағы ДАИШ террорлық ұйымына қарсы біріккен Халықаралық коалицияны басқарып келді. Біріккен коалиция жағынан жасалған мәлімдемеде, Ирак жеріндегі ДАИШ күштері басып алған 98 пайыз жерді террорлардан босатқаны алға тартылған. Сондай-ақ, АҚШ әскерлерінің санын азайтып, қауіпсіздік сақтау қосындарына айналдыратыны айтылған.
Өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық ұйым, Сүрия мен Ирак жерінде жеңіліс тапты. Бірақ толығымен жоғалып кеткен жоқ. Аталған мәлімдемеде алдағы уақытта ДАИШ күштері өзінің мақсатын көбінде террорлық шабуылдар арқылы жүзеге асырады деп болжаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы