Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президентімен келісөз жүгізгеннен кейін Иерусалим бейбіт келісім бойынша өз елінің астанасы болып қала беретінін айтты, деп хабарлайды Росблат.
Ол Давоста өткен экономикалық форум кезінде Иерусалимде Израиль үкіметінің штаб пәтері болатынын мәлімдеген. Бұдан бөлек ол Палестинамен бейбіт келісімге қол жеткізуді және осы үшін күш-жігерін жұмсап жатқан АҚШ-ты қолдауға дайын екендігін атап өтті.
"Кез келген бейбіт келісім бойынша Иерусалим Израильдің астанасы болып қала береді және біздің үкіметтің штаб пәтері сонда орналасады", - деді Нетаньяху.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың вице-министрі Майк Пенс Израильге ресми сапарын аяқтап, президент Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындаған мәлімдемесін растады. Сондай-ақ, Америка елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру жұмысы 2019 жылдың соңына қарай аяқталатынын хабарлаған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы