«The Diplomat» газеті Қазақстан парламенті қабылдаған БАҚ туралы заңға енген өзгертулер мен толықтыруларды қатаң сынға алды.
Басылым сөзінше, желтоқсан айының 28-і күні Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған БАҚ туралы заң Қазақ журналистикасының тынысын тарылтуға бағытталған. Қазақстан парламентінің қос палатасы бір ауыздан мақұлдаған заң жобасы онсызда хәл үстіндегі сөз бостандығы мен журналистік зерттеу саласын біржолата құрдымға жібереді. Бұл журналистерге арналған БАҚ туралы заң емес атқамінерлерді қорғауға арналған заң жобасы.
«The Diplomat» мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстан әлем бойынша 180 елдің ішінде сөз бостандығы жөніндегі рейтингте 157 орында. Ал желтоқсанда қабылданған БАҚ туралы заңнан кейін бұл көрсеткіш одан ары төмендеуі мүмкін. Басылым сарапшылары Қазақстанның өзгеріске ұшыраған БАҚ туралы заңына: «ресми Ақорданың БАҚ туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуі өткен жылдың тамыз айында Қытай билігі қабылдаған заңнан ешқандай айырмашылығы жоқ» - деген баға берген.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың 28 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасы бір ауыздан мақұлдаған БАҚ туралы заңға қол қойған. Бірақ аталмыш заң жобасының қабылдануына елдегі тәуелсіз журналистік ұйымдар қарсылық білдірген болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды