Жаңадан дамушы нарықтың бейнесі 2017 жылы жақсы қырын танытты, инвесторлардың да болашаққа сенімі арта түсті. Дегенмен, бұл оңтайлы жағдайда да дамушы нарықтағы ахуалды нашарлататын кейбір факторлар бар. Қатарынан үш жыл өрлеу танытқан дамушы нарық алдағы жылы қай қырынан көрінуі мүмкін? 2018 жыл инвесторлар үшін тиімді бола қоя ма? Бұл туралы «WSJ» басылымы сараптаған болатын.
Жақында дамушы нарықтардағы капиталдың таза ағыны соңғы екі жылда ең жоғары деңгейге жетті. JPMorgan алдағы жылы нарықтың экономиканың өсуі 4,8 пайыз болады, бұл негізінен ішкі сұраныстың қажетінен туындайды деп күтуде. 2013 жылмен салыстырғанда, дамушы нарықтар, қазіргі уақытта, АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне әсерін тигізіп отыр. 2013 жылы «конустық құбылыс» дамушы нарықтың бірыңғай құлдырауына апарып соқты. Кері қайтару перспективасының жалпы қарқынынан, дамушы нарықтағы қорлар мен облигациялар қазіргі уақытта әлемдегі ең үздік компаниялардың қатарына кіреді.
АҚШ-та өсіп отырған пайыздық мөлшерлемелерге қарамастан, дамушы нарықтың дербес облигациялары мен АҚШ қазынашылық облигацияларымен кірістілік арасындағы айырмашылық жалғасты азаймақ. Нарықтық құбылмалық деңгейі төмендей түсті.
Жақында Пәкістан сияқты дамып келе жатқан нарықтық елдерде миллиардтаған долларлық облигациялар шығарылып, биылғы жылы нарықтық облигациялардың шығарылымы рекордтық деңгейге жетіп отыр. Әдетте жылдың басында облигациялар нарығын қаржыландыратын Индонезия болса биыл желтоқсанда, яғни жыл соңында облигациялар шығаруды 4 млрд долларға дейін көтеріп тастады.
Дамуша нарықтардан көрінген тағы бір көрініске қарайтын болсақ, Халықаралық қаржы институты жасаған көрсеткішке қарағанда, әлемдік нарықтардағы оптимизмге қарамастан, 2010 жылдан бері дамушы нарықтардағы несие рейтингінің ең төменгі деңгейге дейін түскені анық болды.
Standard & Poor's агенттігінің (S&P) мәліметіне қарайтын болсақ, үшінші тоқсанда Қытай, Оңтүстік Африка және Түркиядағы дербес кредиттік рейтингтер төмендетілді. Бұдан басқа 43 дамушы нарықтағы компания рейтингі төмендеп, тек 16 компанияның рейтингі жоғарлаған. Рейтингтік осы үрдіс көрсеткендей, Кредиттік рейтинг агенттіктері әліде болса, көптеген дамушы нарықтағы елдердің кредиттің жоғары тұрақтылығы және пайыздық ставкалардың өсуі сияқты қайта қаржыландыру мүмкіндіктерінен туралы алаңдайды.
Инвесторлар ағымдағы шотты және басқа да факторларды жақсартуынан үміті зор. Дегенмен, бюджет тапшылығы мен қарыздық деңгейі тұрғысынан алғанда, 2013 жылдан бері мемлекеттік баланстар нашарлай түсуде. Бұдан сырт мамандардың айтуынша, алдағы үш жылда көп мөлшердегі қарыздардың мерзімі аяқталады. Бұл да бір ықтимал әлеуетті тәуекелдің мерзімі болмақ. Қорыта айтқанда, дамушы нарықтағы жағдай жақсы болса да, инвесторлар оны жеңіл қабылдауына болмайды.