Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалим туралы шешімін айыптаған Еуропа елдерін «екіжүзді» деп бағалады. Ол бұл сөзін өзінің Еуропа елдеріне сапарының алдында жасаған. Бұл туралы «Анадолы» ақпарат агенттігінің ресми сайтында хабарланды.
Беньямин Нетаньяху алдағы бірнеше күнде Франция мен Бельгия астаналарына сапарлай барады. Сапарының алдында жасаған мәлімдемесінде Израиль премьері Еуропа елдерінің Иерусалим ісіне қаратқан ұстанымдарын айыптады. Ол сөзінде: «Еуропаны құрметтеймін, бірақ олардан келген сөздер мен екіжүзділікті қабылдауға шарасызбын. Трамп мырзаның тарихи шешіміне қарсы наразылық білдірген бұл елдер, Израильге атылған зымырандар мен үрейлі мәлімдемелер алдында үнсіз қалды», – деді.
Израиль үкіметінің басшысы алдағы сапарында Иерусалим туралы ұстанымын да табанды болатынында білдірмек. Нетаньяху Париж бен Брюссельде Франция мен Бельгия басшыларына кездеседі.