Аты шулы Владимир Жириновский 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.
Қараша айының 20-сы күні ЛДПР жоғарғы кеңесінің кезекті отырысында партия мүшелері бір ауыздан алда келе жатқан президент сайлауына партия атынан Владимир Жириновскийді ұсынған. Егер Жириновский бұл жолғы сайлауда да жеңілетін болса, онда ол Ресей тарихында президенттікке мәңгілік үміткер ретінде қалады. Себебі бұл осыған дейін бес рет президент сайлауына қатысқан. Алда келе жатқан президент сайлауы оның саяси өміріндегі алтыншы президент сайлауы.
Владимир Жириновский 1946 жылы 25 сәуір күні Алматы қаласында дүниеге келген. Ол философия ғылымдарының докторы, саясаткер, Ресей Мемлекеттік Думасының барлық шақыртылымдарының депутаты, ЛДПР партиясының негізін қалаушы. Жириновский 1991 жылғы президент сайлауында 7,81 пайыз, 1996 жылғы сайлауда 5,78 пайыз, 2000 жылғы сайлауды 2,7 пайыз, 2008 жылғы сайлауды 9,35 пайыз, 2012 жылғы сайлауда 6,22 пайыз дауыс жинаған. Бір сөзбен айтқанда Жириновский қазақстандық президенттікке мәңгілік үміткер Мэлс Елеусізовтың ресейлік нұсқасы.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?