Францияның Радиациядан қорғаныс және ядролық қауіпсіздік институты 9 қараша күні Еуропаның үстіндегі ауа құрамынан рутин-106 қоспасының шектен тыс мөлшері табылғанын хабарлап, оған Ресей не Қазақстандағы радиоактивті жарылыс себеп болуы мүмкін деген болжам ұсынды. Дегенмен Ресей мен Қазақстан Үкіметі қос мемлекеттің де аумағында ешқандай зауыттарда төтенше жағдай тіркелмегенін айтады.
Ресейдің ауа-райы қызметіне жауапты мамандары Орал тауларының үстіндегі рутиннің мөлшері қалыпты деңгейде екенін жеткізді. Франция тарапынан жасалған мәлімдемені Ресейден алғаш болып қолдаған "Росгидромет" метеорогиялық қызметі болды. Олардың айтуынша, Орал тауларының оңтүстігіндегі екі стансада қазан-қараша айларында радиоактивті изотоппен ластану деңгейі қалыпты мөлшерден артық екені байқалған.
Челябинскке жақын аумақта орналасқан "Маяк" стансасында рутиннің ауадағы көлемі өткен аймен салыстырғанда 986 есе артқаны тіркелген. Маяк стансасының ядролық отынды өңдеу бойынша ірі орталықтардың бірі екені белгілі. Қазірше рутиннің ауаға таралуына не себеп болғаны ақпарат жоқ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?