Электронды келісімшарт енгізілсе қазақстандықтарда еңбек кітапшасы болмайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
"Бірыңғай электронды еңбек биржасы базасында қызметкердің профилін енгізу және еңбек шарттарын тіркеу жүйесі құрылады. Электронды форматқа көшірілген еңбек келісімшарттары еңбек кітапшаларын алып тастауға, азаматтардың ресми түрде жұмыспен қамтылғаны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді", - деді министр.
Дүйсенованың сөзінше, жоба елдегі облыстардың бірінде пилотты режимде іске қосылатын болады. Сондай-ақ, ол мүгедектік жөнінде өтініш беру үшін де онлайн жүйені енгізу жоспарда бар екенін мәлімдеді.
"Мүгедектік туралы өтініштер eGov арқылы электронды нұсқада түсетін болады. Жүйе өтініштерді қарауда өтініш берушінің қатысуын талап етпейді", - деді Дүйсенова.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?