Әлемнің 1500-ден астам ғалымы бірдей ескерту жасап, адамдарға Жер планетасының дағдарысынан сақтануға шақырды. Ғалымдардың айтуынша халық санының тез өсуіне байланысты, шектеулі ресурстарды артық тұтыну ғаламдық күн көрістің қиындығына алып келеді. Егер әлем елдері жедел шара қолданбаса, биологиялық көптүрлілік зиянға ұшырап, адамзат қасіретке тап болады. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.
Шындығында бұл ғалымдардың екінші мәрте күллі адамзатқа жасаған ескертуі. Осыдан бұрын 1992 жылы да әлемнің 1500-ден астам ғалымдары «адамзаттық ескерту» жасаған еді. Алайда, мамандардың айтуынша, 25 жыл бұрынғымен салыстырғанда, қазіргі жағдай 1992 жылдағы көрсеткіштен асып түскен. Сол кезде ғалымдардың ескерткен мәселелері қазір тіпті ауырлап кетті.
Ғалымдар тобының кезекті «Адамзатқа ескертуін» Орегон университетінің ғалымы Уиллиам Риппленің бастамашылығымен ортаға салынуда. Ол өткен жылдың ақпан айында, 1992 жылы ғалымдардың ескертуін қайталай қарап шығып, магистранттармен бірге 25 жылдағы (Биыл аталған «Адамзаттық ескертудің» 25 жылдығы) өзгерістерге зерттеу жүргізуді қолға алған. Нәтижесінде Риппле 1992 жылдан бері көптеген көрсеткіштердің нашарлап кеткенін анықтаған:
Бүкіл әлемде жан басына шаққандағы тұщы судың мөлшері 26% -ға азайған; Теңіз өнімдерін тұрақты пайдалану қиындай түскен; Ластанудан және оттегінің жетіспеушілігі салдарынан тірі организмдер өмір сүре алмайтын мұхиттардағы «өлі аймақ» 75% -ға артқан; Орманды аумақтар шамамен 300 млн акр-ға қысқарған, бұлардың басым бөлегі ауыл шаруашылығы мен жолға берілген; Ғаламдық көміртегі шығарындылары айтарлықтай өсуіне байланысты орташа температура көрнекті жоғарылаған; Жер бетінде халық саны 35% артты; Биологиялық әртүрлілік сүтқоректілерде, бауырымен жорғалаушылар, амфибиялар, балықтар мен құстар жалпы 29% азайған. Міне осылардың қатарында бір ғана қуанарлық көрсеткіш бар, ол болса – озон қабаты жұқару қарқыны төмендеген.
Ғалымдардың айтуынша, бұл көрсеткіштер адамзатқа қырағылықты ескертіп тұр екен. Егер дер кезінде шара қолданар болсақ, озон қабатының тесілуін төмендетуге болғаны секілді, адамзатқа игілікті өзгеріс жасауға болады. Бұл рет 1500-ден аса танымал ғалымдар қол қойған «Адамзаттық ескертудің» мақсаты – адамдарды өзімізді қоршаған ортаның нәзіктігіне назар аударуға шақыру. Ғалымдарды Жер шары мен онда жасап отырған адам баласының болашақ тағдыры алаңдатып отыр, сондықтан бұл үрдіске қарсы күресу әрбір есті адамды, сізді де, бізді де қамтиды.