Алдағы жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында 220 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1514 гектарға жеткізілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, 13,8 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылатын болады. Ал, тамшылатып сурару әдісі 8,1 мың гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 66, 6 мың гектарға ұлғаймақ.
Әкімдіктің мәліметінше, облыс алдағы жылы негізгі 4 бағытта дамитын болады. Олар: өндіріс, егістік, мал шаруашылығы және туризм саласы. Осы аталған 4 саланы дамытуда аудан, қала әкімдері мен жауапты сала басшылары жұмыстарын жандардыру керек.
Бұдан бөлек, жаңа бағыт ретінде жаңғақ пен бадамша егу жұмыстары да дами бастаған. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 7 мың гектарға артып, 825 мың гектарға орналастырылады деген болжам бар. Оның ішінде интенсивті баулар 804 гектарға, жаңғақ шаруашылығы қосымша 500 гектарға егіледі деп жоспарлануда.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды