Германияда неміс компаниялары бәсекеге қабілетті болуы үшін әлдеқайда еркін жұмыс кестесі болуы керек. Бұл туралы ГФР Үкіметі жанындағы экономикалық сарапшылар кеңесінің төрағасы Кристоф Шмидт Welt am Sonntag газетіне берген сұхбатында мәлімдеген.
"Жаңаша, әлемдегі цифрлы технологиялар бойынша өмір сүргісі келетін фирмалар жылдам команда құрып, оңтайлы жұмыс істей алуы тиіс. Ал таңертең офисте басталып, кеште офисте аяқталатын жұмыс күні тәртібі ескірген", - дейді Шмидт.
Бұдан бөлек ол мұндай еңбек заңы реформасы "жасырын түрде жұмыс уақытының ұлғаюына" әкеп отыр дегенді айтады. "Жұмыс берушілер осыны қалайтын шығар. Бірақ мұнда жұмыс күні күн мен жұмыс аптасы арасында әлдеқайда еркін болуы сөз болып отыр", - деді кеңес төрағасы.
Welt am Sonntag басылымының мәліметінше, Германия жұмыс берушілері 8 сағаттық жұмыс режимін алып тастап, бір апта ішіндегі шектеулі жұмыс тәртібін сақтап қалуды талап етуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?