АҚШ президенті Дональд Трамп кеше, жұма күні, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумына (Asia-Pacific Economic Cooperation, қысқаша АТЭС) қатысқан кезде Құрама Штат ұлттық экономиканы және коммерциялық құқықтарын жоғары деңгейде қорғайтынын, оға қоса экономикаға тұсау салатын көпжақты келісімдерге қол қоймайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады
Трамп АТЭС отырысындағы 21 елдің бизнес көшбасшыларымен кездесу кезінде, Жаһандық сауда жүйесі және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты тиісті ережелерді жасайтын ұйымдар Құрама Штаттар үшін әділетсіз шешімдер шығарып отырғанын айтты. Ол тағы сөзінде Құрама Штаттарды бұл аталған ұйымдардан бас тартуға мәжбүр етпеуін сұрады.
Трамп сөзінде Үнді және Тынық мұхит аймағындағы елдердің арасында АҚШ-пен серіктес болғысы келетін және саудадағы әділдік пен өзара қарым-қатынас қағидасына бағынатын кез келген елмен екі жақты сауда келісімшарттарына қоя алатынын айтып өтті. Алайда, елдердің егемендігіне, еркіндік пен әділеттілікке қайшы келісімдерден бас тартатынын да айтты.
Трамптың саудадағы перспективасы конференцияға қатысушы өзге 20 елдің арасындағы сауда байланысына да әсер етуі мүмкін деп болжайды мамандар. Осыдан бұрын, «Үлкен жетілік» немесе «G20» елдері басшыларымен кездесу кезінде де, Трамп олармен пікір бірлігіне келе алмап еді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы