Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев өзінің президенттік өкілеттігі аяқталуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізбек.
Бүгін Қырғызстан президент әкімшілігі таратқан мәлімет бойынша, Алмазбек Атамбаев қараша айының 15-і күні өзінің президенттік өкілеттігі аяқталуына байланысты қорытынды баспасөз мәслихатын өткізетін болады. Онда ол 2011 жылдан бері істеген жұмыстары жайында Қырғызстан халқы алдында есеп береді деп күтілуде.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстан перзидент әкімшілігі "қараша айының 24-і күні қырғыз елінің жаңа президенті Сооронбай Жээнбековтың инаугурациясы өтеді" деген ақпарат таратқан. Ал Алмазбек Атамбаевтың өкілеттік мерзімі 2017 жылдың 1 желтоқсанында аяқталатын болады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды