Сауд Арабиясында Мұхаммед бин Салман ханзаданың бастамасымен жаңа жемқорлыққа қарсы комиссия құрылуына байланысты елдегі бірқатар шенеуніктер мен маңызды тұлғалар абақтыға жабылып, олардың жеке есепшоттары жабылды. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Сауд Арабиясы 11 ханзада, 4 қазіргі министр мен ондаған бұрынғы шенеуніктердің тұтқындалғаны туралы хабар таратты. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Мұхаммед бин Салманның жеке өзінің қадағалауымен басқарылатын жемқорлыққа қарсы комиссия елдегі ең бай милиардер Әл-Валид бин Талалды түрмеге жауып, Ұлттық гвардия басшысы мен Экономика министрін қызметінен босатқан. Сауд Арабиясының билігіне жақын азамат APF тілшісіне елдегі ең атақты 14 адамның атынан тұратын тізім берген. Ол тізімдегілердің барлығы биліктің қырына іліккен. Күдікті деп табылып, қолға түскен барлық шенеуніктердің қаржылық шоттарына қожетімділік тоқтатылады, ал оның ішінен жемқорлыққа қатысы бар ақша табылса, ол бірден мемлекеттің меншігіне өтеді. Қайта қаралып, қозғалып жатқан істердің ішінде 2009 жылы Жидда қаласында болған су тасқыны сияқты ескі материалдар да бар.