Биыл Алматы облысында «Алматы-Талдықорған» магитсралды газ құбырының құрылысы аяқталды. Қазіргі кезде Алматы облысының 11 ауданында газдандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс тұрғындарының көпшілігі биылғы жылы көгілдір отынға қол жеткізған. Жалпы өңірді газдандыру 23% құрап отыр.

Табиғи газға өтудің артықшылығы өте көп: біріншіден,өңір тұрғындарының жылуға кететін шығыны азаяды, екіншіден,тұрғындардың өмір сүру қолайлылығы артады, ең бастысы басқа отын түрлеріне қарағанда экологиялық жағынан таза, - деді Амандық Баталов.

Әкімдіктің мәліметінше, 2020 жылға қарай Алматы облысының бес ауданы мен Қапшағай қаласы толығымен 100% газдандырылады, ал жалпы облыста газбен қамту деңгейі 45%-ке жетеді.

“The Qazaq Times”